Биыл көмір бағасы қымбаттамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл көмір бағасы қымбаттамайды

18.09.2019

Биыл көмірдің бағасы негізсіз қымбаттамайды. Себебі бақылау күшейеді. Бұл туралы бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі айтты. Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, баға былтырғыдай болады. Ол үшін құзырлы орган қолдан келгенді жасамақ. Мәслен, елордаға келетін қара алтынның бағасы 9 мың мен 12 мың теңгенің арасында болады. Яғни Шұбаркөл көмірінің бір тоннасы – 11 400 теңге, Екібастұз көмірі – 9 500 тг, Қаражыра – 11 мыңнан 13 200 теңгеге дейін және майкүбі көмірі – 10 мыңнан 12 500 теңгенің маңайында болмақ. Осы кестеде белгіленген бағаны апта сайын министрдің өзі қадағаламақ. «Ел көлемінде көмірдің құны шарықтап немесе сапасы сын көтермесе, ел-жұрт жер-жердегі әкімдіктерге немесе министрлікке хабарласып, шағым түсіре алады»,-деді вице-министр.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі:

Өздеріңіз білесіздер, былтыр қыста кей көмірдің сапасы келмейтінін халық айтты. Ол екі мәселеге байланысты біріншіден, мына қаражыра көмірді алып жатқанда басқа түрі кездесіп қалды да, сол тастармен араласып кетті. Екіншіден, транспорттық логистикалық жағдайда үйіне дейін апаратын кездерде кейбір кәсіпкерлер өз пайдасын көбірек көре ме...

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу