Баспана бағасы қымбаттамайды - ИИДМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспана бағасы қымбаттамайды - ИИДМ

29.09.2021

Баспана бағасы көтерілмейді. Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қымбатшылыққа қатысты болжамды жоққа шығарды. Бұған дейін құрылысшылар одағының төрағасы шаршы метр құны көктемде 20-30 пайызға өсетінін айтқан еді. Бұған цемент, бетон, арматура секілді материалдардың қымбаттауы себеп деген болатын. Десе де жауапты министрлік өкілдері баспана бағасының көтерілуіне негіз жоқ дейді. Айтуларынша биыл үйдің 13-15 процентке қымбаттауына, пандемия мен зейнетақы қорындағы ақшаның берілуі әсер еткен. Енді мұндай факторлар жоқ дейді. Тіпті құрылыс материалдарын жақын болашақта 100 пайыз өзімізде өндіретін боламыз деп отыр.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:
Біздегі нарықтың 60 пайыз өзіміздің материалдармен қамтамасыз етіледі. Бірақ дегенмен біз алдымыздағы 3-4 жылдық перспективада кейбірін 1-2 жылда өндірісін толық отандық қылып қамтамасыз ететін боламыз.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу