Израильде соңғы бес айда осымен екінші рет парламенттік сайлау өтіп жатыр. Бұған дейін жергілікті тұрғындар сәуірде дауыс беруге барды. Алайда сол кезде жеңіске жеткен премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен оның оңшыл «Ликуд» партиясы өзге партиялармен бірігіп коалициялық үкімет құра алмады.
Бұл саясаткер Израильді он жыл басқарды. Осы жолы оған басым түсу оңай болмауы мүмкін. Нетаньяхудың аз қолдау тапса, ұлттық саясаттағы үстемдігінен айрылады. Ол сайлау науқанында палестиналықтар болашақ мемлекетін құруды көздеген Иордан жазығын аннексиялауға уәде берді.
Премьер үшін бұл жолы да армияның бұрынғы қолбасшысы Бенни Ганц негізгі қарсылас болып отыр. Дегенмен, Нетаньяху биліктен кетсе, елдің жер дауына қатысты ұстанымының өзгеруі екіталай. Жақында Ганц та Иордан өзенінің батыс жағалауында еврей қоныстарын күшейтетінін мәлімдеді.
Арыстан Рысбек