"Тайна печати дракона" фильмі көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

"Тайна печати дракона" фильмі көрсетілді

13.09.2019

Алматыда"Кинопарк 11IMAX Esentai" кинотеатрында "Тайна печати дракона" фэнтезиінің алғашқы көрсетілімі өтті. Ресей мен Қытай киноматогрофтары бірігіп әзірлеген жобаны алғаш болып қазақстандықтар IMAX 3D форматында тамашалады. Ал, аталған фильм кинотеатрларда 12-қыркүйектен бастап көрсетіліп жатыр. Тілші бейнематериалы.

 "Тайна печатидракона" фильмінің тұсаукесеріне жиналған көрермен көп. Олардың қатарындаелге танымал киножұлдыздар мен белгілі каскадерлар бар. Мамандардың сөзінше,әлемдік деңгейдегі туындының тұсаукесері еліміздегі "Кинопарк 11 IMAXEsentai" кинотеатрында көрсетілуі - отандық кино өнерінің дамуына зорықпалын тигізеді. Ал, кинопарк осы аптада өзге де әлемдік премьераларды IMAX үлгісіндекөпшіліктің назарына ұсынады.

Жандос Айбасов, актер:

Бұл фильмнің деңгейі өте биік деп ойлаймын. Өте кереметдеп ойлаймын. Өйткені, мұндай жоба жасау, мұндай проект түсіру өте қиын. Бұлбір адамның ісі емес. Бұған әжептәуір үлкен команда жинау керек, 200-300 шақтыадам. Сондықтан, бұл масштабный проект деп есептеймін.

«Тайна печати дракона»фильмі - ресейлік режиссер Олег Степченко франшизасының екінші бөлімі. Мұнда еуропалықоқымысты әрі жиһанкез Джонатан Гриннің шығысқа сапары суреттеледі. Ал, фильмнің "Вий 3D" деген атауменжарық көрген алғашқы бөлімі Николай Гоголь повесінің желісі бойынша түсірілген.

Ху Хайсинь,көрермен:

«Кинопарк» кенотеатрына сәттілік тілеймін. Бұл өтежоғары деңгейдегі фильм. Қызығушылық танытып, киноны көруге келетіндер өте көпболады, көрермендер кассада кезекте тұрады деп ойлаймын. Өзіме қатты ұнады жәнебарша қазақстандықтарды "Тайна печати дракона" фильмін IMAX форматындакөруге шақырамын. 

Аталған фильмді дүние жүзіне танымал Ресей мен Қытайкиностудиялары бірлесіп түсірген. Ал, фильмге Арнольд Шварцнегр, Джеки Чан,Чарльз Дэнс және Рутгер Хауэр сынды әлемге белгілі киножұлдыздар қатысқан. Сондықтан,"Ауқымды жоба миллиондаған Қазақстандықтың жүрегін жаулайтындығына сенеміз",- дейді "Кинопарк" өкілдері.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу