Елордада 59 адам менингит жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 59 адам менингит жұқтырған

11.09.2019

Елордада 59 адам менингит жұқтырған. Қазіргі уақытта олар ауруханада ем қабылдауда. Науқастардың жағдайы тұрақты. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Бүгін медицина мамандары менингит мәселесі бойынша брифинг өткізіп, аурудың белгілері мен оны алдын алу шаралары туралы ақпаратпен бөлісті. Мамандар бірінші кезекте менингит пен менингокок екеуі екі бөлек инфекция екенін ескертті. Яғни менингит те жаз, күз кезінде тарайтын белгілі бір деңгейде белең алатын жұқпалы ауру екенін айтты. Ал одан сақтанудың ең басты ережесі қарапайым гигиеналық талаптарды орындау қажет. Айта кетейік, менингиттің екі түрі бар. Сирозды және бактериалды. Соңғысы қауіпті болып саналады.

Динагүл Баяшева, Медицина ғылымдарының докторы: 

Адамның басының ауруы пайда болады, дене қызу көтеріледі құсу пайда болады. Негізі менингиттің көрінісі осы үшеуі болса, қауіптену керек, дәрігер шақырып менингиттің бар-жоғын дәлелдеуі керек. Содан кейін біл жұлыннан ликвр аламыз и тек сол ликврмен сирозды ма бактериалды ма дәлелдейміз. Соған қарап ем қолданамыз.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу