Алматы облысында 2 сынып оқушысы жұқпалы аурудан қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 2 сынып оқушысы жұқпалы аурудан қайтыс болды

23.12.2019

Алматы облысында вирустық инфекция жұқтырған 2 сынып оқушысы көз жұмды. Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы №13 мектепте оқыған қыз менингит дертінен қаза тапты деген әлеуметтік желідегі хабарламадан кейін ата-аналар балаларын сабаққа жібермеген. Бірақ, дәрігерлер бұл диагнозды жоққа шығарды.

Рауан аталған білім ордасына қараша айының басында ғана Кеген ауданынан ауысып келген екен. Әжесінің қолында жүрген қаршадай қыз бір күнде дертке шалдығып, демі таусылғанына әлі күнге дейін ешкім сенбейді. Бұрын денсаулығына шағымданбаған ол бір күнде дене қызуы көтеріліп, тыныс алуы нашарлаған. Оның өмірін арашалап қалу үшін облыстың білікті дәрігерлері жұмылдырылған. Алайда қызды құтқарып қалу мүмкін болмады. Мамандар ауыл тұрғындарын шулатқан менингит дертінің жоқ екендігін нақты растап отыр.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ


Хабарламаларға жазылу