Басты Жаңалықтар Елордада тегін кітап алмастыру алаңдары ашылады

Елордада тегін кітап алмастыру алаңдары ашылады

Елордада тегін кітап алмастыру алаңдары ашылады

Елордада буккроссинг орындары ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Яғни, бұл - кітаптарды алмастыратын орын. Мәселен, сіз бұрын оқыған кітабыңызды алып, ашық буккроссинг-аймағына апарасыз. Ондағы кітап сөресіне оқылған кітабыңызды қойып, сіз оқымаған кітаптарды алуыңызға болады. Ақысыз. 

Буккроссинг-аймақтары адамдар көп шоғырланатын ойын-сауық орталықтары, жоғары оқу орындары мен қоғамдық жерлерде орнатылады. 

Кітап алмастыратын әр алаңға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отандық және шетелдік классиктердің есімі беріледі. 

Бөлісу