«Тіл – татулық тірегі» атты фестиваль өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тіл – татулық тірегі» атты фестиваль өтті

05.09.2019

«Тіл – татулық тірегі». Сыр өңірінде осындай атаумен қазақ тілі оқулығының негізін салушы, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай облыстық фестиваль ұйымдастырылды.

Фестиваль қонақтары алдымен кітап көрмесін тамашалап, латын әліпбиінде басылған құнды мұраларға қанықты. Мұнан соң, Ахмет Байтұрсынұлы мен Абай Құнанбаевтың арасындағы байланысты бейнелеген «Ұлылар үндестігі» қойылымы сахналанды. Облыс әкімінің орынбасары көпшілікті Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесімен құттықтады.  

Наурызбай Байқадамов, Облыс әкімінің орынбасары: 

Айтулы мерекеде «тіл мәртебесін – ел мәртебесі» деп білетін бірқатар азаматтар марапаттталды. Олардың қатарында Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Гаухар Айдарова да бар.

Нұрсәуле Мұсаева, Тілдерді оқыту орталығының директоры: 

Фестиваль аясында аймақтағы этномәдени бірлестік өкілдері өз өнерлерін ортаға салса, жас ақындар жүрекжарды жырларын оқыды. Ал жергілікті өнерпаздар туған тілге деген құрметін әуезді әндерімен жеткізді.

Асқар ТӘЖИЕВ 


Хабарламаларға жазылу