«Тіл - татулық тірегі» республикалық байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тіл - татулық тірегі» республикалық байқауы өтті

30.10.2014
«Тіл - татулық тірегі»  республикалық байқауы өтті

Елімізде тұңғыш рет «Тіл - татулық тірегі» республикалық байқауы өтті.

ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған бұл конкурсқа құқық қорғау органдары қызметкерлері қатысып, өнерлерін көрсетті.

Бас прокуратура, Жоғарғы сот, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігінің өкілдерінен құралған 8 топ  бақ сынады.

Олар мемлекеттік тілді жетік меңгергендіктерін дәлелдеп, кәсіби қызмет барысында еркін қолдана білетіндерін көрсетті.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу