Басты Жаңалықтар Қарағанды облысы әкімдігінде жолдауда айтылған бастамаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды

Қарағанды облысы әкімдігінде жолдауда айтылған бастамаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды

Қарағанды облысында биылғы жылдың соңына дейін «Сарыарқа» жобасы аясында газ тартылады. Мұнан бөлек Жаңаарқа, Шет, Бұқар жыраумен Осакаров аудандары және Шахтинск қаласына көгілдір отынды жеткізу бойынша жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен арнайы жиында айтылды. Президент жолдауын талқылау барысында қоғамды толғандырып отырған негізгі мәселелер көтерілді.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі: 

Ең бастысы жұмысымыз реформа үшін — реформа, есеп үшін — есеп істеуінде болса, онда жұмысымыз өнбейді. Халық бәрін көріп-біліп отыр. Президентте атап айтты. Барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік орган басшылары адамдар мәселелерін өз аузынан естіп білуі басты міндет.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ 


Бөлісу