Алматыда төтенше жағдай қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда төтенше жағдай қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастады

04.09.2019

Алматыда төтенше жағдай қызметкерлері мен "Жас Отан" жастар қанатының өкілдері суға түсуге тыйым салынған орындарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастады.Мамандардың сөзінше, қала тұрғындары, әсіресе жас балалар ата-анасының қарауынсыз суға шомылуға қауіпті аймақтарға көп келеді. Бұл орындарға ескертпелер мен аумақтың қауіпті екендігі тайға таңба басқандай жазылған. Дегенмен, "Оған құлақ асып жатқан ешкім жоқ", - дейді олар. Мәселен, соңғы бес жылда шаһардағы су қоймаларына 20 адам батып кеткен. Сондықтан, олар тексерісті күшейтіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізеді. Бұған жергілікті полицейлер де кіріскен.

Ержан ЖАҢБЫРБАЙ

Хабарламаларға жазылу