Шығыс Қазақстанда дала өрті жиілеп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда дала өрті жиілеп кетті

15.04.2021

Мамандар тілсіз жаудың шығуының негізгі себебі - адамдардың салғырттығы деп отыр. Табиғат аясына серуенге шыққан демалушылар, шаруалар мен саяжай иелері былтырғы құрғақ шөпті жиі жағады. Ал оның соңы өртке ұласып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сәуір айы басталғалы осындай 20-дан астам өрт ошағын сөндірген. Қазір өрт сөндіруші мамандар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрттің шығуына себепкер болған адамдар жауапқа тартылатынын да ескертіп жатыр.

Медет Мұқашев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы:
Шығыс Қазақстан төтенше жағдай департаменті өрт қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Қоқыстар мен қалдықтарды жаққаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабына сәйкес жауапкершілік көзделгенін хабарлайды.

Берік Көшербай

өрт

Хабарламаларға жазылу