Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтпаев қаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтпаев қаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

24.07.2020
Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтпаев қаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізді.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақталды. Тәртіпсіздіктің қайталануына ешқандай себеп жоқ. Президент жағдайды бақылауда ұстап, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға талпынған арандатушылардың алдын алуды, құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырды. Құқық қорғау органдарына кәмелет жасына толмаған қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының тұрғынына қатысты тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп, оның қорытындысы туралы жұртшылыққа нақты ақпарат беру туралы тапсырма берді», деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Хабарламаларға жазылу