Багам аралдарында «Дориан» дауылы құрбандарының саны артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Багам аралдарында «Дориан» дауылы құрбандарының саны артып келеді

04.09.2019

Соңғы мәліметке қарағанда, жеті адам қаза тауып, талайы жараланған. Ел премьер-министрі Губерт Миннистің болжамынша, мерт болғандар қатары алдағы күндері көбеюі мүмкін. Өйткені, 50 мың тұрғыны бар бір аралдың 70 пайызы суға кетсе, Гранд Багамс және Абоко деген территорияларда үйлердің шамамен 45 пайызы жермен жексен болған. 

Қазір зардап шеккен аудандарда іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, қатты қираған аралдарда 60 мыңнан астам адам азық-түлікке, ауыз суға зәру. 

Жауындатып жеткен «Дориан» дауылы Багамға сағатына 295 шақырым жылдамдықпен соққы берген. Қазір ол екінші санаттағы шторм дәрежесіне дейін әлсіреп, АҚШ жағалауына беттеп барады. «Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, Американың Флорида, Джорджия, Солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттарында 2 миллионнан астам адамға қауіпсіз жерге көшу туралы ескерту жасалған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу