Вьетнамға «Раи» дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнамға «Раи» дауылы соққы берді

20.12.2021

Вьетнамға «Раи» дауылы нөсер жауын мен күшті жел әкелді. Осыған орай мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілген. Теңізде толқын көтеріліп, 1 балықшы қаза тапты. Бірнеше қайық суға батқан. Билік дауыл соққы берген аудандарға әскерилерді жіберді.

«Раи» дауылы құрбандарының саны 169-ға жетті

Бұған дейін «Раи» дауылы Филиппинге соққы беріп, 169 адамның өмірін қиды. 300 мыңдай тұрғын өз үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болған. Сағатына 195 шақырым жылдамдықпен соққан жел елдің оңтүстік-шығысындағы аралдарға зақым келтірді. Үйлер, ауруханалар, мектептер мен өзге де ғимараттар қираған. Дауылдан зардап шеккен аудандармен байланысты қайта орнату мүмкін болмай жатыр. Биліктің болжамынша, құрбандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Бұған қоса, тасқын және сел жүру қаупі сейілген жоқ.

Арай Төлегенқызы


Вьетнам «Раи» дауылы

Хабарламаларға жазылу