Азаматтар зейнетақы жинақтарын баспана мен білім алуға жұмсай алуы керек - Қ.Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтар зейнетақы жинақтарын баспана мен білім алуға жұмсай алуы керек - Қ.Тоқаев

02.09.2019
Азаматтар зейнетақы жинақтарын баспана мен білім алуға жұмсай алуы керек - Қ.Тоқаев

«Алдағы жылдары жағдай өзгеруі мүмкін. Зейнетақы жинақтаушы азаматтардың саны айтарлықтай азайып, зейнеткерлер саны артады. Бұл жағдайда зейнетақы активтерінен түсетін инвестициялық табыс көлемі де төмендейді. Сондықтан Үкімет Ұлттық банкпен бірге зейнетақы жүйесін тиімді ету бойынша маңызды жұмыс істеу керек. Қазір жұмыстағы адам өзінің зейнетақы қорын зейнетке шыққаннан кейін ғана пайдалана алады. Адамдардың бұл қаржыны зейнетке шыққанға дейін қолдану ниеті түсінікті. Сондықтан Үкіметке жыл соңына дейін жұмыстағы азаматтардың зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын. Мысалы, баспана сатып алу үшін немесе білім алу үшін. Шығындарды азайтып, активтерді инвестициялық басқарудың сапасын жақсарту үшін Үкіметке бюджеттік жүйені шоғырландыру мәселесін зерделеу, әлеуметтік қамтамасыз етуде бірыңғай әлеуметтік қор мен бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу жүктеледі», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Хабарламаларға жазылу