Зейнетақы ақшасын көлік сатып алуға пайдалану бойынша министрлік жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы ақшасын көлік сатып алуға пайдалану бойынша министрлік жауап берді

26.02.2021

Зейнетақы жинағының бір бөлігін көлік сатып алу үшін пайдалану туралы ұсынысқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді.

Мұнда Зейнетақы қорындағы қаражаты жеткілікті шегінен асатын азаматтар, жинағын бұған дейін айтылған мақсаттарға ғана жұмсай алады. Ақшаны көлік сатып алуға немесе өзге бағытта жұмсауға рұқсат беру мәселесі министрлік тарапынан қаралып жатқан жоқ делінген. Бұған дейін автобизнес қауымдастығы қордағы қаржыға машина сатып алуға мүмкіндік беруді сұраған еді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу