Саясаттанушылар мен студенттер Жолдауды талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саясаттанушылар мен студенттер Жолдауды талқылады

15.04.2022

Мемлекет басышысының Жолдауында айтылған саяси реформалар қоғам талқысына түсті. «Қазақстандағы қоғамдық даму институты» ұйымдастырған шараға белгілі сарапшылар, саясаттанушылар мен студенттер тобы қатысып, Президент үндеуіндегі маңызды бағыттарды саралады. Жиын дебат ретінде өтті. Пікірталас алаңында әр қатысушы өз ойын ашық айтып, ел дамуына серпін беретін бастамалардың артықшылықтары мен ұтымды тұстарына тоқталды. Олардың сөзінше Президент Жолдауы жарияланғанына бір айға жуықтады. Бірақ, әлі күнге дейін реформалардың кей тұстары халыққа түсініксіз. «Сондықтан да оны бұқара арасында кеңінен насихаттау керек», - дейді.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:
Біз міндетті түрде жергілікті халықтың саяси білімін жетілдіруіміз керек. Сондықтан мұндай отырыстардың мақсаты - бұл Жолдаудың негізгі бағыттарын тереңірек үңіліп, тарату, насихаттау.


Хабарламаларға жазылу