Филиппинде президент сайлауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппинде президент сайлауы басталды

09.05.2016
Филиппинде президент сайлауы басталды

Президенттік орынтаққа бес үміткер таласуда. Сауалнама нәтижесіне қарағанда, 22 жылдан астам уақыт Давао қаласының мэрі болған Родриго Дуерте көш бастауда. 7 мың аралдан тұратын елде 54 млн сайлаушы тіркелді.

Қазіргі сәтте Филиппин көшбасшысы 2010 жылы сайлауда жеңіске жеткен Бенигно Акино болып отыр. Елде қауіпсіздік шарасы күшейтілді, алайда, жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Кавите провинциясында белгісіз біреулердің бірнеше көлікке оқ жаудыруы салдарынан жеті адам қаза тапқан. Әзірге шабуылды кім жасағаны белгісіз.

Бұдан бұрын сайлауалды науқанда 15 адам қаза тапты. Сенбіде мэрге үміткерлердің бірін елдің оңтүстігінде өлтіріп кеткен.

Хабарламаларға жазылу