Е.Қарин: Президент сайлауы жаңа саяси науқандар кезеңіне жол ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Қарин: Президент сайлауы жаңа саяси науқандар кезеңіне жол ашты

20.11.2023

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік парақшасына: Президент сайлауы жаңа саяси науқандар кезеңіне жол ашты. 

Соның нәтижесінде Парламенттің қос палатасының және мәслихаттың сайлауы өтіп, олардың құрамы едәуір жаңарды, деді. Үш апта бұрын Қазақстанда алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы болды. Осылайша, еліміздің саяси жүйесін демократиялық жолмен өзгерту үдерісі үздіксіз жалғасып келеді. Саяси және экономикалық реформалармен қатар әлеуметтік-гуманитарлық салада да маңызды реформалар жүзеге асырылады. Ондағы мақсат – білім беру, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру. Президенттің сайлау алдындағы тұғырнамасында айтылған басты бастамалар биыл жүзеге асырыла бастады, делінген.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу