«Астана LRT» ісіндегі күдіктілер Түркия мен АҚШ-та қашып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана LRT» ісіндегі күдіктілер Түркия мен АҚШ-та қашып жүр

29.10.2021

 «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда қашып жүруі мүмкін. Сондықтан Қазақстанның Бас прокуратурасы осы елдің құзырлы органдарына оны ұстап, қайтару жөнінде өтініш жолдаған.

Ал екінші күдікті Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтің Америка Құрама Штаттарында жүргені анықталды. Бүгінде оны Қазақстанға жіберу туралы өтініш АҚШ Әділет министрлігінің қарауында жатыр. «Астана LRT» ісіндегі басты күдіктілерге 2019 жылы Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланған.

Еліміздегі алғашқы жеңілрельсті көлік жүйесінің құрылысы кезінде жалпы сомасы 5,8 млрд теңгенің талан-таражға түскені тергеу барысында анықталды. Алайда бұл ақшадан нақты Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбеков қанша ұрлағаны белгісіз.


Хабарламаларға жазылу