Шымкентте отбасы фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте отбасы фестивалі өтті

27.08.2019

Отбасы – мемлекеттің тірегі. Қоғамның басты байлығы. Осы құндылықты дәріптеу мақсатында Шымкент қаласында «Отбасы» фестивалі өтті.

Шара аясында балалар ата-аналарымен бірге қуыршақ театрының қойылымын тамашалады. Ән айтып, би биледі. Флэшмобқа қатысты. Сондай-ақ, саябақта ұйымдастырылған түрлі спорттық ойындарға қатысып, ептілігі және қайратымен сынға түсті.

Фестиваль аясында балалардың өз қолдарымен әртүрлі бұйымдар жасауына мүмкіндік жасалды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мектеп формасы, балмұздақ пен тәттілер үлестірілді.

Күн бойына созылған фестивальде бүкіл жанұяға арналған тимбилдинг, аспаздық студия және ұтыс ойындары бір ортаға тоғыстырылды. Отбасы мүшелері заңдық тұрғыда білікті мамандардан және дұрыс тамақтану, нәрестеге күтім жасау жайында дәрігерлерден тегін кеңес алды.

Қайрат Керімбеков, Шымкент қаласының тұрғыны:

Балаларға ойындар тегін. Жақсы жақсы конкурстар өтіп жатыр. Бір-екеуіне мүмкін қатысармыз. Әр баланың ішінде тығылып жатқан өнері болады ғой. Соны шығарып, жұртқа көрсетсек дейміз.

Динара Оралова, Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жасөспірімдер ісі жөніндегі басқармасының бөлім басшысы:

Қоғамдағы ажырасулар, көптеген проблемалар болып жатыр. Соны шешу жолы, құндылығы мықты болсын деген мақсатпен осы фестивальді екінші рет өткізіп отырмыз.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ


 

Хабарламаларға жазылу