Азамат Сатыбалды: Өнер адамы еркін болуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азамат Сатыбалды: Өнер адамы еркін болуы керек

18.01.2019

Жуырда актер, тележүргізуші Азамат Сатыбалды Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалды. Осыған орай Азамат Сатыбалды мен аталмыш театр актері Мақсат Рахмет Алматы студиясының қонағы болып, театр жаңалықтарымен бөлісті.

Азамат Сатыбалды - еліміздің театр және кино өнеріндегі белгілі есім. Азамат сомдаған бейнелер - қазақ жастары үшін жарқын үлгі. М.Әуезов атындағы театрдағы актерлік жұмысынан бөлек, 3 жыл бұрын «28-Teathre» театрын құрған. Жеке театрымен Еуропадағы, Түркиядағы, Ресейдегі xалықаралық театр фестивалдеріне қатысып Қазақстан өнерін шет елдерде дәріптеп жүр.

«Әрбір театрдың өз дәстүрі, бағыты бар. Қандай басшы келсе де театр дәстүрін бұзбауы керек. Өйткені, ол дәстүрді бабаларымыз қалыптастырды. Оны бұзбай, сәл бояу қосу арқылы театрды дамыту керек. Менің басты мақсатым осы. Бұл театрдың өз көрермені, сара жолы, актерлік ансамбл, қалыптасқан. Мен тек соларға көмектесіп, актерлерге шабыт беріп, олармен бірге өсуім керек.

Менің түсінігімде өнер адамы еркін болуы керек. Еркін адамнан ғана керемет дүние туады. Актердің бабы болып, көңіл күйі жақсы болса спектакль де жақсы өтеді. Театрдағы ең басты құрал – актер», - дейді Азамат.

Одан басқа студия қонақтары театрдың алдағы жоспарларымен бөлісті.

Толық нұсқасы

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу