«Сарын» тобы «Жан әке» әніне бейнебаян түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сарын» тобы «Жан әке» әніне бейнебаян түсірді

13.12.2018

Бүгін «Таңшолпанда» «Сарын» тобы мен режиссер Бота Кобаева қонақ болды.

Бағдарламаға «Жан әке» әнінің бейнебаянын алып келіп, тұсауын кесті.

Аталмыш бейнебаян әскери қызметте жүрген әкелерге құрмет көрсету ниетінен туған. Сондай-ақ, әскери қызметте жүрген әкелерге балаларының тағзымы ретінде жазылған.

«Сарын» тобы осыған дейін бірнеше байқауларға қатысқан. Олар «алдағы уақытта белгілі бір жарысты көздеп отырған жоқпыз, ұсыныс түсіп жатса, қарсылық танытпаймыз»,- деп өз ойын білдірді.

Режиссер Бота Кобаева осы бейнебаянды түсірер алдында 2 ай дайындық жұмыстарын жүргізгенін айтты. Бейнеклиптің бас кейіпкері ретінде Әділ Ахметов таңдалған. Әнбаян 4 күн түсірілген. Бейнеклип түсірілген уақытта, Алтынайдың денсаулығы сыр бергенімен, клиптің түсірілім жұмыстары тоқтамаған.

Хабарламаларға жазылу