Шаһаризат Сейдахмет: Мектепте қандай үйірме ашылса, тізімнің басында мен тұратынмын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаһаризат Сейдахмет: Мектепте қандай үйірме ашылса, тізімнің басында мен тұратынмын

11.08.2014
Шаһаризат Сейдахмет: Мектепте қандай үйірме ашылса, тізімнің басында мен тұратынмын

«Таңшолпанда» қонақта – әнші,  2013 жылғы «Қазақстан дауысы» байқауының жеңімпазы – Шаһаризат Сейдахмет.

«Әкем тракторшы, анам бухгалтер болды. Десе де, өнерден құралақан жандар емес. Өнерге жақындығым содан болса керек. Мектепте қандай үйірме ашылса, тізімнің басында мен тұратынмын», дейді ол.  

Әнші жақында Ержанат Байқабайдың сөзіне жазылған Қажымұрат Шешенқұлдың «Мақпалжан» әніне бейнебаян түсірді.

«Бұл әнді орындауды студент кезімнен армандадым. Алайда, оның сәті енді түсіп жатыр. Үлкен жобаның жеңімпазы атанып отырғаннан кейін, сыншының да көп болатынын сезініп, асықпай, сапалы дүние шығаруға тырыстым», дейді ол.  

Шаһаризат Сейдахметтің ендігі жоспары – «Қазақстан дауысы» жобасында  көпшіліктің ықыласына бөленген бір әнге бейнебаян түсіру.

Өнер иесінің алға қойған тағы қандай мақсаты бар? «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу