Қазақстандықтар Мәскеуде өткен «Подмосковные вечера» фестивалінен гран-примен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар Мәскеуде өткен «Подмосковные вечера» фестивалінен гран-примен оралды

12.10.2018

«28 theatre» театры Мәскеуде өткен байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Бүгін театр ұжымы актер Азамат Сатыбалды, актриса Ажарлым Мағзұмқызы, актер Асан Мәжіт Алматы студиясында қонақ болды. 

«Біз гран-при аламыз деп ойламадық. Бірақ бара сала екі жүлдеге ие болдық. Ол – «Ең үздік ансамбль», гран-при. Біз үшін бұл – үлкен жетістік. Бұл әріптестерімнің еңбегі. Спектакльдің дұрыс шығуы актерларды дұрыс таңдаудан басталады. Біздің спектакльдің жетістікке жетуі актерлеріміздің арқасында.

Ресейлік сарапшылардың бағасын, батасын алып қайттық. Олардың сөзінше, біз мүмкіндігінше Еуропаға шығуымыз керек. Ендігісі келер жылы Еуропаның есігін қағамыз», - дейді Азамат Сатыбалды.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу