«Құрмет белгісі» орденінің иегері, ҚР Халық әртісі Рабиға Есімжанованың туғанына - 104 жыл.
Рабиға Есімжанова 1914 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауданында дүниеге келген. Ол мектептен әнші қыз атанған. Ән айтып, түрлі драмалық қойылымдарға қатысқан бойжеткен 1930 жылдары Алматыда ұйымдастырылған музыкалық-драма театрының актриса-әнші қызметіне қабылданады. Сол кезде театр репертуарынан түспей жүрген Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында Еңліктің рөлін әйгілі дара тума Күляш Байсейітовадан кейін жарқырата сомдаған тұлғаға айналды. «Айман-Шолпанда» Айманның, «Қыз Жібекте» Жібектің рөлін шеберлікпен сомдап халықтың шексіз ризашылығына ие болды.
Сол кездегі театр директоры Орынбек Бековпен отбасын құрған Рабиға Есімжанованың бақытты өмірі ұзаққа созылмады. «Халық жауы» деген жаламен ұсталған күйеуі 1938 жылы ату жазасына кесіледі. Рабиғаның да басына қара бұлт үйіріліп, ауылдағы мектепте ән-күй пәнінен сабақ беретін ұстаз кезекті бір партия жиналысынан соң көпшіліктің сұрауы бойынша ән салады.
Әншінің дауысына, келбетіне тәнті болған ауыл обкомының бірінші хатшысы Рабиғаға тұрмыс құруға ұсыныс жасайды. Осылайша әншінің отбасылық өмірмен бірге өнердегі жолы да сәтті жалғасты.
Лирикалық сопрано дауысты әншінің еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі зор.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.