Әнші Рабиға Есімжанованың туғанына – 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Рабиға Есімжанованың туғанына – 100 жыл

20.09.2014
Әнші Рабиға Есімжанованың туғанына – 100 жыл

Күміс көмей әншінің жүз жылдығы туған жері Қорғалжын ауданында кеңінен атап өтілді. Бытығай жазығында өткен асқа әншінің өнердегі інілері, шәкірттері мен туған-туыстары келіп, естен кетпес естелік әңгімелер айтты.

Рабиға Есімжанованың  өнер жолы Семей облыстық музыка драма театрынан басталды. Кейін Алматы, Қарағанды қалаларындағы театр труппасында болып, Еңлік пен Жібектің рольдерін шебер сомдады. Ал 1960 жылдан өмірінің соңына дейін «Қазақконцерт» бірлестігінің әншісі ретінде елге еңбек етті.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу