Бір сыныпта оқып, отбасын құрған өнер жұлдыздары (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір сыныпта оқып, отбасын құрған өнер жұлдыздары (ВИДЕО)

25.05.2016
Бір сыныпта оқып, отбасын құрған өнер жұлдыздары (ВИДЕО)

Хат жазумен басталған достық сезім әрі қарай махаббатқа ұласып, кейін отбасы құрғандар өнер адамдарының арасынан да табылады.

Дәстүрлі әнші, ҚР Халық әртісі Қайрат Байбосынов өзінің өмірлік серігін мектеп қабырғасында жолықтырған. Оның айтуы бойынша, жұбайы Рабиға Иманғақызы екеуі бір сыныпта оқыған. «Сол шақ балалық балдаурен кез еді», деп еске алады кейіпкер.

Сонымен қатар, ақын әрі композитор Үміт Битенова мен жолдасы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ербол Қамбатыров та 10 жыл бір партада отырып, бір-біріне ғашық болған сыныптастар. Өмірде де, өнерде де жұптары жазылмай, 28 жыл балаларының қуанышына бөленіп келеді. Бір қызығы, олардың аналары да он жыл бойы бір сыныпта оқыған екен.

Балабақша, мектеп қабырғасынан бірге қол ұстасып, жұптары жазылмай өнегелі отбасы құрған жандардың өмірлік тәжірибесі көпке үлгі.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу