«Abai TV» арнасына – 1 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Abai TV» арнасына – 1 жыл

30.06.2021
«Abai TV» арнасына – 1 жыл

Бүгін, 30 маусымда «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамындағы «Abai TV» мәдени-ағарту телеарнасының ашылғанына 1 жыл толды.

Арна мәдени-танымдық хабарлар, мәдени-ағарту бағытындағы деректі және көркем фильмдер, театр қойылымдары, дәстүрлі және классикалық музыка жанрлары бойынша хабарлар қорын ұсынады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Алтын қорындағы» бейнематериалдар қайта өңделіп, тұрақты көрсетіліп келеді.

Тұлғалар мен олардың құнды еңбектері, тарихи жәдігерлерді насихаттау бойынша бір жылда «Жәдігер», «Көне дәуір құпиялары», «Қазба қазыналары», «Музейные истории», «Көненің көзі», «Дала өркениеті», «Тарихи тұлғалар», «Дәуір даналары», «Беймәлім дерек», «Ұстаз», «Ұмытпаймыз» хабарлары жарық көрді.

Ұлттық, классикалық музыка, би өнері жайында «Про танец», «Музыка великой степи»«Магия звука»«Әндіground», «Жыр дастан», «Күміс көмей»«Оркестровая партитура», «Мәңгілік мұра» хабарлары эфирге шықты.

Театр өнері, мәдениет нысандары, бейнелеу және қолөнер тақырыбы «Премьеры», «Сырлы сахна», «Театр әлемі», «Арт профессии», «Өнер өлшемі»,  «Парадный вход»,  «Шебер»«Құдіретті қылқалам», «Арт академия» бағдарламаларында көрініс тапты.

Қазақ және әлем әдебиетінің жауһарлары «Үркер»«Мазмұндама»«Абайдың жолы» бағдарламаларына негіз болды.

Қоғамдағы сан алуан мәселелерге қатысты әр буын өкілдерінің пікірі студиялық «Сана»«Z-zaman»,  «Сарасөз», «Руханият», «Вечные ценности», бағдарламаларында талқыланады. Арна ашылған бір жыл ішінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының дубляж бөлімі арқылы әлемнің ең үздік 144 көркем фильмі, 14 деректі фильм қазақ тіліне аударылып, «Abai TV» арнасынан ұсынылды. Әлемдік киноның үздік туындылары туралы «Соңғы муза» бағдарламасы жарыққа шықты.

Тележобаларды мәдениет, әдебиет, рухани-ағарту саласының өкілдері Асылбек Бисенбаев, Ерлан Сыдықов, Жүсіпбек Қорғасбек, Қали Сәрсенбай, Гүлмира Шалабаева, Шерубай Құрманбайұлы, Елена Әбдіхалықова, Айгүл Қосанова, кәсіби тележүргізушілер Дархан Әбдік, Светлана Коковинец, Флюра Мусина, Жаңыл Асылбекова, Дәурен Дариябек, Молдияр Ергебеков, Нұрмұхамед Байғара, Назира Бердалы жүргізеді.

Телеарна «Otau TV» ұлттық спутниктік операторы, «Alma TV», «ID TV» кабельдік желілері арқылы және www.abaitv.kz ресми сайты арқылы онлайн таралады.

Хабарламаларға жазылу