«Minber» саяси ток-шоуы эфирге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Minber» саяси ток-шоуы эфирге жол тартты

01.09.2018
«Minber» саяси ток-шоуы эфирге жол тартты

Бүгінгі жаңа маусымның басталуымен тұсауын кескен бағдарламалардың бірі – «Minber» саяси ток-шоуы. Тізгінін Еркін Таңатқанұлы ұстаған хабар алғашқы шығарылымын бүгін өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысына арнады.

Студияда қонақта болған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсембай Еңсегенов, экономист, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сапар Ахметов және Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков тақырыпқа қатысты ойларымен бөлісті.

Хабар барысында:

  • Парламент отырысында Мемлекет басшысы берген 7 тапсырма;
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдардың статусы;
  • Салық мәселесі және т.б. мәселелер талқыға салынды.

Айта кетейік, енді #Minber саяси ток-шоуы әр сенбі сағат 20:00-де тікелей эфирге шығатын болады.

MINBER - ПАРЛАМЕНТТІҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА)

Хабарламаларға жазылу