«Таңшолпан». Берік Уәли: Халықпен тікелей байланыс – заман талабы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Берік Уәли: Халықпен тікелей байланыс – заман талабы (ВИДЕО)

18.09.2017

 Журналист, «1 студия» саяси ток шоуының жүргізушісі  Берік Уәли бүгін таңғы бағдарлама қонағы болды.

«21 ғасырда көрерменмен байланысқа шығатын бағдарламалар тікелей эфирге шығуы керек. Бұл - заман талабы. Әрине, бұл үлкен жауапкершілік, көрерменмен кері байланыс және ол шабыт сыйлайды.

Саяси ток шоудың тікелей эфирге шығуы тәуелсіз ел болғалы бірінші рет. Басты арнаның басшылығы қабылдаған батыл шешімі. Әрине, сын болады. Оған дайынбыз. Одан қорытынды шығаруымыз керек.

Тікелей эфирде халықтан сұрақ алып, оған жауап береміз. Сондай-ақ, халық әлеуметтік желіде де үлесін қоса алады. Яғни, эфир барысынды сайтқа кіріп, тақырыпқа қатысты дауыс беруге болады», - дейді журналист.

Хабарламаларға жазылу