«Qazaqstan» телеарнасының «Ashyq Alań» ток-шоуы «Тұмар» ұлттық жүлдесін иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» телеарнасының «Ashyq Alań» ток-шоуы «Тұмар» ұлттық жүлдесін иеленді

13.03.2020
«Qazaqstan» телеарнасының «Ashyq Alań» ток-шоуы «Тұмар» ұлттық жүлдесін иеленді

Бүгін елордадағы «Қазмедиа орталығында» IV «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Шарада «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының «Ashyq Alań» қоғамдық-саяси ток-шоуы «Үздік ток-шоу» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды. 

Қазылар алқасы үздік жобаны 4 бағдарлама арасынан іріктеді. Бұл аталым бойынша номинанттар қатарында «КТК» телеарнасының «Астарлы ақиқат», «Хабар» арнасының «Большая неделья», «Астана» арнасының «Айтарым бар» ток-шоуы бар.  

«Ашық алаң» ток-шоуын ашудағы мақсатымыз – көрермен мен мемлекеттік органдар арасында ашық диалог қалыптастыру болатын. Бағдарлама осы бағытынан жаңылмай жұмыс атқарып келеді. Бүгінге дейін тікелей эфирде 130-дан астам бағдарлама өтті. Бұл - қоғамды толғандырған 130 тақырып, 130 мәселе», - деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Л.Танысбай марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде.  




Сонымен қатар «Apta» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі Жайна Сламбек «Үздік тележүргізуші» аталымы бойынша «Тұмар» ұлттық жүлдесін иеленді.

 IV «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауында жеңімпаздардың есімі 10 аталым бойынша анықталды. Жүлде қазақ телевизиясының үздіктеріне биыл төртінше рет табысталып отыр.   

Хабарламаларға жазылу