Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Қазақстан Президенті бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарды аралап, Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді деп жоспарланып отыр.