Ұлттық арнаның тапсырысы бойынша «Отыңды өшірме» телехикаясы түсіріліп жатыр. Туындының тақырыбы – отбасының ынтымағы мен адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынас. Қазақ үшін қасиетті саналатын ұлттық құндылықтар бірте-бірте жойылып бара жатқандай. Мұндай жағдайда ұрпақтың да болашағы бұлыңғыр.
Халқымызда ер азамат пен әйелдің отбасындағы, қоғамдағы орны әу бастан белгіленіп қойған. Егер ол ауысып, қарым-қатынас бұзылса, соңы жақсылыққа апармасы анық.
Жетім қалып, ата-әжесінің қолында өскен Перизат осындай отбасының келіні. Көрген қиындығын имандылығымен, жан тазалығымен қабылдай білген кейіпкер бейнесі көрерменді бейжай қалдырмасы сөзсіз.
20 бөлімнен тұратын туындының сценарийін жазған Мұрат Алмасбек. Осыған дейін осы шығармашылық топ түсірген «Иірім», «Ана қадірі» телехикаяларын Ұлттық арна көрермендері жылы қабылдаған еді.
Туындының режиссері Төлеген Бейсет, продюсері Нартай Өтегенов. Телехикая жаңа телевизиялық маусымда көпшілік назарына ұсынылады.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.