«Әпке» телехикаясы қайта көрсетілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әпке» телехикаясы қайта көрсетілмек

12.03.2014
«Әпке» телехикаясы қайта көрсетілмек
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысымен Дулат Исабековтің шығармасы негізінде түсірілген «Әпке» телехикаясы көрермендердің сұрауы бойынша Ұлттық арна эфирінен қайта көрсетілмек.
 
«Әпке» - жазушы Дулат Исабековтің шығармасы негізінде түсірілген тұңғыш телехикая. Бұл туынды 30 жылдан астам М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында қойылды.
 
Телехикая ата-ана қамқорлығынан ерте айырылған бауырларына пана болып, өз өмірін құрбан еткен әпке бейнесін жан-жақты ашатын туынды.
 
Фильмде нар жүгін арқалауға тәуекел еткен нәзік жан, қамқор әпке арқылы отбасылық құндылықтар кеңінен дәріптеледі.

Хабарламаларға жазылу