«Әпкенің» алғашқы бөлімін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әпкенің» алғашқы бөлімін көріңіз

19.02.2015
«Әпкенің» алғашқы бөлімін көріңіз

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысымен Дулат Исабековтің шығармасы негізінде түсірілген «Әпке» телехикаясы көрермендердің сұрауы бойынша Ұлттық арна эфирінен қайта көрсетілмек.

«Әпке» – жазушы Дулат Исабековтің шығармасы желісімен түсірілген тұңғыш телехикая. Бұл туынды 30 жылдан астам М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында қойылды.

Телехикая ата-ана қамқорлығынан ерте айырылған бауырларына пана болып, өз өмірін құрбан еткен әпке бейнесін жан-жақты ашатын туынды.

Фильмде нар жүгін арқалауға тәуекел еткен нәзік жан, қамқор әпке арқылы отбасылық құндылықтар кеңінен дәріптеледі.

Отандық телетуындының алғашқы бөлімін бүгін 19.35-те Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу