Жетіген - қазақтың жаңғырмай қалған музыкалық аспабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетіген - қазақтың жаңғырмай қалған музыкалық аспабы

21.06.2018

Тыңдаушыға жағымды әсер сыйлайтын жетігенді ертеде көк пен жерді байланыстыратын ғажайып қасиетке бай аспап деп тек сарайларда шағын топ алдында ғана ойнаған. Жетіген аспабы түркітілдес халықтарда кездеседі.

Жетіген – жеті ішекті шертпелі аспап. Заманауи жетігеннің жаңа түрінде ішектер саны 25-тен асады. Шектері аттың қылынан тартылып, әуен ырғағын қалпына келтіру үшін асықтар қойылған. Құрылымы күрделі аспапты жасау көп еңбекті талап етеді. Қазақтар жетігенді бар-жоғы он күнде жасап шығарады екен.

Көкей Меллатұлының Қытайдан тарихи отанына оралғанына 5 жыл болыпты. Шебер отбасында дүниеге келген Көкей үшін ағаштан түйін түю табиғатына тым жақын.

«Бұл кәсіпті бізге әкеміз үйретті. Кішкентай кезімізден әкеміздің домбыра, мандолин аспаптарын, жүкаяқ, сандық жасап отырғанын көретінбіз. Бала күннен оны көрген бізді ес білгенде әкеміз аспап жасауға тәрбиелей бастады.

Жетіген жасаудың қиындығы – бет ағашын салу. Оның қалыңдығын біртекші, біркелкі етіп теңшеп шығару керек.

Жетіген - қазақтың жаңғырмай қалған музыкалық аспабы. Оны жаңғырту, жастарға көрсету мен үшін парыза», - дейді шебер.

Ұлттық құндылықты дәріптей отырып, оны кәсіпке айналдырған жас шебердің еңбегі көпке үлгі. Бұл атакәсіптің өміршеңдігін дәлелдейді.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

Хабарламаларға жазылу