«Жетіген» хрестоматиялық кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жетіген» хрестоматиялық кітабы жарық көрді

12.11.2015
«Жетіген» хрестоматиялық кітабы жарық көрді
Нотажинақтың тұсаукесерінде жетіген аспабын жетік меңгерген өнерпаздар көрерменге көңілді кеш ұсынды.

Алматыда дәулескер күйші Жадыра Мүсірепованың «Жетіген» атты кітабы жарық көрді. «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры» қолдауымен өткен нотажинақтың тұсаукесерінде жетіген аспабын жетік меңгерген өнерпаздар көрерменге көңілді кеш ұсынды.

Кітап авторы Жадыра Мүсірепова - Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі. Күйші қыз «Хассақ» этно-фольклорлық ансамблі мен «ST BAND» модерн этно-джаз тобының мүшесі.

Сонымен қатар, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп интернатының «Жетіген» класында шәкірт тәрбиелейді.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу