28-29 сәуірде «Арманға ұмтыл» ұранымен Almaty Arena Орталық Азиядағы ірі бизнес іс-шарасы - Synergy Global Forum Алматы 2018 өтті. Форумның мақсаты - Қазақстан кәсіпкерлеріне бизнесті және экономиканы дамытудың жаңа сатысына шығаруға көмектесу.
Форумның спикерлері арасында табысты және аса табысты кәсіпкерлер, бизнес-жаттықтырушылар және түрлі саладағы сарапшылар болды:
- барлық үлкен шөлдер арқылы жүгіріп өткен ультрамарафоншы Марат Жыланбаев,
- көшбасшылық пен менеджмент жөніндегі танымал американдық жаттықтырушы Маршалл Голдсмит,
- ғарыш кемесінің командирі және ғалым Сергей Рязанский,
- коуч және бизнес-жаттықтырушы Ицхак Пинтосевич,
- №1 нетворкинг сарапшысы Гил Петерсил,
- маркетингтік гуру Игорь Манн,
- кәсіпкер және «Трансформатор» бейнеблогының авторы Дмитрий Портнягин,
- миллионер, инвестициялық кеңесші, бестселлер авторы Роберт Аллен,
- бизнесмен, бизнес-жаттықтырушы және мотивация шебері Смильян Мори,
- «Уолл-стрит көкжалы» — Джордан Белфорт.
Форум сәтті өтті, қатысушылар спикерлерді өте жылы қабылдады, ал Сергей Рязанский мен Марат Жыланбаевтың баяндамасы қатысушыларға ерекше әсер берді.
Форумның алаңында сондай-ақ, Synergy Food Fest гастрономиялық фестивалі мен Synergy Business EXPO перспективалық жобаларының көрмелері өтті.
Форум екі нетворкинг аймақпен жабдықталды, онда Гил Петерсил мен оның командасы форумға қатысушыларға жаңа серіктестер табуға көмектесті. Гил Петерсил нетворкинг-сессияларын өзі басқарды.
Аfterparty және гала-кешкі ас кезінде форумға қатысушылар бейресми жағдайда спикерлермен көзбе-көз тілдесуді жалғастыра алды. Оған Смильян Мори, Гил Петерсил, Ицхак Пинтосевич және Марат Жыланбаев қатысты.
Сіздерді Synergy Global Forum Astana 2018 шарасында қайта көруге қуаныштымыз!
Құрметпен, Қазақстандағы «Синергия» бизнес мектебінің командасы.