ХҚКО арқылы қызмет көрсету бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХҚКО арқылы қызмет көрсету бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді

09.10.2014
ХҚКО арқылы қызмет көрсету бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді

Қазақстанда және басқа да елдерде Халыққа қызмет көрстеу орталықтарын (ХҚКО) пайдаланып, «электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік органдардың өңірлік офистері желісін қысқарту арқылы бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Global e-Government Forum 2014 барысында Сауд Арабиясының Yesser «электронды үкімет» бағдарламасының Бас директоры Әли бин Салех Әл-Сома осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.

«Көптеген мемлекеттік агенттікке өңірдегі өкілдіктерін жабуға тура келуі мүмкін. Өйткені, қызметтер өңірлерде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, осында Қазақстанда көрген технология арқылы көрсетіледі. Интернет пен мобильдік қосымшаларды пайдалану Үкіметке өңірлердегі мемлекеттік органдар офистерінің саны мен штатын қысқартуға көмектеседі. Бұл айтарлықтай үнемдеуге алып келеді», - деді Ә.Салех Әл-Сома.

Жалпы, ХҚКО желісін құрудың қазақстандық тәжірибесіне Ә.Салех Әл-Сома оң баға берді.

«Маған Қазақстанда «бір терезе» тұжырымдамасының өзі қалай жүзеге асырылғаны ұнады. Іс жүзінде оны орындау оңай емес, өйткені әр мемлекеттік орган оқшауланып, жеке кеңістігінің болғанын қалайды. Қазақстанда бұл идея жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырылған», - деді сарапшы.

 

Фото: kapital.kz

Хабарламаларға жазылу