Жауапсыз КСК-ларды жөнге салу мүмкін бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жауапсыз КСК-ларды жөнге салу мүмкін бе?

31.03.2018

«Есегі бір теңге, тоқымы мың теңге» деген тіркес бар. Тап бір пәтер иелері кооперативіне арнап айтылған ба дерсің. Расында, ақша жинайтын кезде елдің есін шығаратындарды пәтердегі жарықты жөндеуге, жуынатын бөлмедегі сыздықтап аққан суды тоқтатуға, жылу батареяларын бітеуге іздесең емге таппайсың. Немесе маман аз, пәленше күн күтіңіз деп міз бақпай отырып алатын КСК-лар бар. Ел қайтеді, амалсыздан ақылы маман жалдайды.

Мәселен, Англияда су құбыры немесе электр жүйелері зақымданған кез келген тұрғын үйге жауапты кооперативке қоңырау соғады. Тәртіп бойынша диспетчер 30 секунд ішінде жауап беруі керек. Жөндейтін маман да дереу жетуі шарт. Егер тұрғын қызмет көрсетуші компанияны лайықсыз деп тапса, бір арыз жазып ауыстырып тастай алады.

2018 жылдың ақпанында Инвестициялар және даму министрлігі жаңа жүйе ұсынды. Яғни, ай сайын тұрғындардан түбіртек арқылы жиналатын қаржының бір бөлігін арнайы шотқа салып, тұрғын үйге күрделі жөндеу керек болғанда сол жиналған ақшаны жұмсауды ұсынды.

Біздің министрлік биыл айтқан бұл жүйе Германияда біраздан бері бар. Немістер мұны «көпқабатты үйлердің мәселесін ақылмен шешуге таптырмайтын модель» депті. Сонымен, айтылған жаңа жүйе бізге ене ме? Пәтер иелері кооперативтері елден жинаған ақшаның есебін кімге береді, қандай қызмет түрлерін тұрғындарға тегін көрсетуі керек? Гүлжазира Ғалиқызы бір апта бойы бәрін жақсылап есептеді.  

 

 

 

Хабарламаларға жазылу