Әлібек Шегебай - ақын. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1997 жылы республикалық «Жалын» журналында жарияланған топтама жырлары үшін Т.Айбергенов атындағы сыйлықты иемденген. Жас ақындар жырларының антологиясына өлеңдері енген. «Алакеуім», «Әйнекке түскен сәуле», «Ақ қауырсын» атты жыр жинақтарының авторы.
«Қазіргі уақытта төртінші кітапқа жинақталатын өлеңдер жазудамын. Қоғамда «жастар кітап оқымайды» деген пікір бар. Алайда, мұнымен келіспеймін. Әлеуметтік желіде көп отырамын. Сонда халық ой-пікірлерін білдіріп отырады. Демек, қоғамға өлең қажет. «Қажет емес» деген сауал көтерудің өзі артық. Сол кітапты оқитындай етіп шығарма жаза білу - ақын мен қаламгердің міндеті. Бүгінгі жастардың, заманның жүйесін ескере отырып жазса, оқылмайтын дүние жоқ», - дейді студия қонағы.