Азамат Сатыбалды: 4-5 наурызда Астана «Войцек» спектаклі көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азамат Сатыбалды: 4-5 наурызда Астана «Войцек» спектаклі көрсетіледі

02.03.2018

Танымал кино және театр актері, тележүргізуші Азамат Сатыбалды «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Астанаға аманат арқалап келдік. Театр репертуарындағы ауқымды, мағынасы терең, сәтті спектакльдердің бірі – «Войцек». Осы спектакльді Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елорда көрермендеріне тарту етпекпіз. Режиссері - Дина Жұмабай.

Астанадан кейін Қазақстан өңірлерін аралап, одан кейін үш мемлекетке жол тартамыз. Ол Түркия, Ресей, кейін Еуропа елдеріне тур жасауға шақырту күтіп отырмыз. Егер келісімшарт жасалса, Қазақстаннан жастар театры болып бірінші біз барамыз. Бұл әрине, қуантады», - дейді  актер.

 

Бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу