«Таңшолпан». «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жылдың соңына дейін Астанада 1000-ға жуық пәтер беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жылдың соңына дейін Астанада 1000-ға жуық пәтер беріледі

08.02.2018

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиал директорының орынбасары Әсел Түлеуғалиева студия қонағы болды.

Қонақ Жолдау аясындағы үй мәселесі, «Нұрлы жер» бағдарламасындағы жаңашылдықтар туралы сөз қозғады.

«Нұрлы жер» бағдарламасының басты міндеті - 2017-2031 жылдары аралығында 1,5 млн отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету.

«Бұл бағдарлама - бүгінгі күні біздің ең өзекті жұмысымыз. Еліміз бойынша осы бағдарламаны іске асыру мақсатында қала, облыс бойынша жоспарлы түрде салынып жатқан үйлер көп. 2030 жылға дейін жоспарды толығымен атқарамыз деп сенеміз.

Соңғы мәліметтерге сай, Астана бойынша 630 пәтерге арыз қабылдауды аяқтадық. Ақпан айының соңына дейін несие төлеу қабілеті расталады. 630 адам бір ай көлемінде арман еткен кілттерін алады.

Айта кетер тағы бір жағымды жаңалық, жылдың соңына дейін Астана бойынша 1000-ға жуық пәтер берілетін болады. Оның 50 пайызы әкімдіктің тізімінде тұрғандар, екінші жартысы біздің салымшылар», - дейді маман.

 

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу