Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер пайдалануға берілді

26.09.2017

Қостанай облысының Заречный кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер пайдалануға берілді. Алғашқы 14 отбасыға баспана кілті салтанатты түрде табысталды. Олардың 10-ы – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары. Баспаналы болған азматтардың бәрі – жер телімін алуға кезекте тұрғандар. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мемлекет салымшыларға тиесілі 10 сотық жерді беріп қана қоймай, сол жер телімінде жеке тұрғын үй салуға да көмектесті. Көлемі 100 шаршы метрге жететін баспаналар - кең, жарық, әрі жайлы.  Әр шаршы метрдің  ең төменгі құны - 115 мың теңге.  Жыл соңына дейін Қостанай облысында тағы 60 үй пайдалануға беріледі. Келесі жылы коттедж қалашығының құрылысы жалғаспақ. Жоба бойынша бұл аумақта 270 нысан бой көтереді деп жоспарланып отыр.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК
 

Хабарламаларға жазылу