«Жүрегіңді жұлып алатын дауыс жұдырықтай қыздың қай жеріне сыйып жүр» деп қазылар алқасы талай таңдай қақты. Ал, бұл бағдарламада ол соңғы жарыс күнін қорытындылады.
«Silk Way Star» жайлы сөзінде Ефенди «бұл барлығымыз үшін үлкен мүмкіндік. Тоғыз елге таралатын, барлығы жақсы көретін, барлығы тамашалайтын «Silk Way Star» жобасында болғанымыз үшін біз бақытты жандармыз. Бұл тағдырдың сыйы», - дейді.
Ол соңғы жарыс күні «Сен келгенде» әнін орындады.
Қазылар алқасының мүшесі Айбен Ерсой (Түркия):
- Жарайсың, бәрекелді! Әнді таңдауың тамаша! Ән сондай сезімге бай, біздің жүректерімізді тебірентті. Ғажап орындау, мен қуанып отырмын! Бүгінгі кеште осы әнді қайта-қайта тыңдай берер едім. Шынымен сезімге толы болды. Сен өте жақсы әншісің, осылай еңбектене берсең, жалғастыра берсең, өз орныңды табасың. Мен сенімдімін.