«Таңшолпан». Әсел Түлеуғалиева: «Нұрлы жер» бойынша жыл басынан бері 28 900 баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Әсел Түлеуғалиева: «Нұрлы жер» бойынша жыл басынан бері 28 900 баспаналы болды

01.11.2017

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиал директорының орынбасары Әсел Түлеуғалиева «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында соңғы жаңалықтарды айтып берді.

«Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарының, оралман статусы бар азаматтардың өздеріне тиесілі, ең төменгі пайыз бойынша үй кілтін алуға мүмкіндіктері бар.

«Нұрлы жер» бағдарламасының соңғы 9 айын қорытындылайтын болсақ, осы таңда 255 278 адам дербес шот ашты. Яғни, 2016 жылға қарағанда 1,5 есе көп. Жыл басынан 28 900 қазақстандық отбасы өз пәтерлеріне ие болды. Бұл - өте жақсы нәтиже.

Бүгінгі таңда бағдарламаға қатысу үшін біріншіден, банкке келіп, дербес шот ашу керек. Одан кейін салымшы үшін тиімді ережелер бар. Өз айлығына байланысты салатын қаржысын өзі белгілейді. Сондықтан, өте тиімді.

Шотта 30 пайыз жиналса, қалған қаражатты несиеге алуға болады. Алғашқы 30 пайыз жиналса, 70 пайызды біз банк тарапынан береміз. Салымшы ай сайынғы төлемақысын 3 жылдан артық сақтаса, несиені 3,5 пайыздан алу құқығы бар», - дейді Әсел Түлеуғалиева.

Хабарламаларға жазылу