1-4 қараша күндері аралығында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының қолдауымен «Amanat musik» орталығы бірініш халықаралық конкурс-фестивалін өткізгелі отыр.
Осыған орай бүгін «Барыс» мажар-қазақ қорының мәдени тіл оқу бөлімінің басшысы Оңайша Мандоки және Мажар елінен арнайы сайыс үшін келген жас өнерпаздар бағдарлама қонағы болды.
«Біздің өнерпаздарымыз Зұлтан және Буларка. Зұлтан «Адай» күйін тартады. Буларка қобызда ойнайды. Қобызбен өзінің шығарған музыкасын ойнайды. Негізі, бұлар өздері үйренген балалар. Екеуі де мектепте оқиды. Бірақ маған келіп, қазақ тілін, қазақ өнерін үйреніп жүрген балалар.
Бұл балалар Вена қаласында өткен құрылтайда «Тұран» этно-ансамблінің өнерін көріп, ұнатқан. Сол уақыттан бастап қызуғушылық танытып, қазақ өнерін үйрене бастаған.
Біз жақтарда қазақтың аспаптары жоқ. Алайда бұл балалар ата-аналарына айтып, тапсырыс бергізіп қобыз ойнауды үйренді. Бұл Еуропада алғаш жасалған қобыз.
Жалпы, Шығыс еуропа халықтары қазақтарға туыс деп қарайды. Олардың арасында жүргенде өзіңді бөтен елде жүрмін деп ойламайсың.
«Барыс» мажар-қазақ қоры 1998 жылы құрылған. Бұл екі ел арасында мәдени, оқу, білім, ғылым, сауда байланыстары орнаған еді. Қазір тек мәдени байланыс. Біздің орталықтың президенті – қыпшақ. Ол қазақтарға ерекше қарайды», - дейді Оңайша Мандоки.