Ұлттық арна эфирінен ертеңнен бастап «Ана» атты түрік телесериалы көрсетілмек (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна эфирінен ертеңнен бастап «Ана» атты түрік телесериалы көрсетілмек (ВИДЕО)

15.10.2017

«Ана» деп аталатын түрік телесериалы қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселеге арналған. Кино туындыда анасынан мейірім көрмей, қараусыз қалған жеті жасар Мелек есімді қыздың тағдыры баяндалады. Көп қиындық көрген қайсар бүлдіршіннің өмірі Зейнеп  ұстазын кездестірген сәттен күрт өзгертеді.

Сериалға дубляж жұмысын жасайтын актер мен актрисаларға үлкен жауапкершілік жүктелген. Фильмдегі әр кейіпкердің дауысын айнытпай салу,  сол арқылы адам мінезін ашу -  басты міндет. Бұл - телехикаяның көрерменнің жүрегіне жол табуының басты кілті. Шығармашылық жұмыс барысындағы мәтін мен видеоның үйлесім табуы, кинокартинаның  табиғатын жоғалтпай сапалы шығуы дубляж режиссерінің жіті назарында болды.

Бұл телехикаяны алғаш рет Жапония елі түсірген. Сол туындының желісі бойынша телесериал 2016 жылы Түркияда жарық көріп, киносүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген.

Айта кетейік, «Ана» телесериалы 16-шы қазаннан бастап дүйсенбі-жұма күндерінің аралығында сағат 22:45-те Ұлттық арна эфирінен көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу